Дос ізде

Бұл бетте «Дос ізде» атты Әділғазы Қайырбеков жазған достық туралы өлең берілген.

Жаттап өстік жасымыздан:
«Доссыз өмір – тұзсыз ас!»
Табылатын қасымыздан
Досқа ыстық ықылас!

Жүрек көзі аршылады,
Жан дос тапсаң шынайы.
Дос – көңілдің шамшырағы,
Дос – өмірдің шырайы!

Сақталады жүрегіңде,
Достық заңы – адалдық.
Нағыз достар бұл өмірде
Саусақпенен санарлық.

Бөлшегісің сүйікті елдің,
Болдың құштар тұныққа!
Алсаң-дағы биіктерді
Достарыңды ұмытпа!

Тағдырың бір, тамырың бір,
Досқа көрсет жүз көмек.
Ескі достың қадірін біл,
Жаңа досты іздеп өт!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері