Бармақ сорғыш бауырым
Бұл бетте «Бармақ сорғыш бауырым» атты Әділғазы Қайырбеков жазған бауыр туралы өлең берілген.
Жақсы менің Нау інім,
Оған өлең арнадым.
Төртке толған бауырым,
Сорып жүрді бармағын.
«Сорма!» десең, тіпті де,
Тыңдамайды, ұқпайды.
Білмейді ме түкті де,
Бармақтан сүт шықпайды.
Езуінде бармағы,
Күнде бізбен ойнайды.
Кейде, тіпті, алданып,
Сол әдетін қоймайды.
Жасы беске ауса да,
Бармақ сорар саспай түк.
Құр бармағын таусамай,
Сормайды ма тас кәмпит?!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі