Заман нәрі

Бұл бетте «Заман нәрі» атты Шамшабану Хамзақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Заманадан нәр алып,
Өтіп жатыр балалық.
Саясында Отанның,
Құлын-тайдай шабалық.

Заманадан нәр алып,
Оқып білім алалық.
Қырандайын қомданып,
Көкке қанат қағалық.

Заманадан нәр алып,
Жақсы өнеге табалық.
Азамат боп жетіліп,
Өмірге жол салалық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері