Отан – ана

Бұл бетте «Отан – ана» атты Шамшабану Хамзақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Отан – алтын бесігім,
Даңықты ұлы есімің.
Әлпешіңде өзіңнің,
Аштым өмір есігін.

Уа, Отаным шалқыған,
Аспанда ән қалқыған.
Дәуірім менің гүл бақша,
Иісі жұпар аңқыған.

Өзің еккен гүл едім,
Құшағыңнан түледім.
Ұлы Отаным сондықтан,
Сен деп соғады жүрегім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері