Болғым келеді

Бұл бетте «Болғым келеді» атты Шамшабану Хамзақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шекараңды қорғайтын,
Батырың болғым келеді.
Заманыңды жырлайтын,
Ақының болғым келеді.

Көрік берер далаңа,
Гүлің болғым келеді.
Ән-күйіндей қазақтың,
Үнің болғым келеді.

Бал жиятын даладан,
Араң болғым келеді.
Қайта туған жас сәби,
Балаң болғым келеді.

Табиғатқа жамандық,
Жолатпағым келеді.
Көбелек болып гүліңе,
Қонақтағым келеді.

Мойнын созған озбырды,
Алқымдатқым келеді.
Еңбекшіңді сусаған,
Салқындатқым келеді.

Қарттарыңды қолтықтап,
Аттандырғым келеді.
Шабыт беріп жырыммен,
Шаттандырғым келеді.

Әлпештегім келеді,
Ұрпағыңды талпынған.
Ерсе ақындар ұстаздар,
Милиондап артымнан!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері