Шыны-аяқ

Бұл бетте «Шыны-аяқ» атты Шамшабану Хамзақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кей әйелдің құрсағында,
Жатсадағы айдай ұлан.
Байқалады мінезі оның,
Шыны-аяқтың айғайынан.

Келе жатқан кездейсоқта,
Қонақтарын түп қиырдан.
Жақтырмаса шыны-аяғы,
Кетер мөңкіп тұтқиылдан.

Ақылдының аздығынан,
Көрсетеді оқыс қылық.
Өшін алып тыныш тұрған,
Шыны-аяқты соғыстырған.

Осы мінез алатын да,
Отбасының берекесін.
Гүл орнына құшақтатар,
Тамам жұрттың келекесін!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері