Ана тілегі
Бұл бетте «Ана тілегі» атты Шамшабану Хамзақызы жазған ана туралы өлең берілген.
Жүрек бар ма ананың жүрегіндей,
Тілек бар ма ананың тілегіндей!
Ұрпағым деп көңілінің атызында,
Өніп-өсіп жайқалған Жыры егіндей.
Қуанасың түлегің қанаттанса,
Қажетіне елінің жарап қалса.
Биіктерге ұмтылса талаптанып,
Оқуменен, біліммен жарақтанса.
Бала десе, анада жан қалмайды,
Ақ тілекпен таңына таң жалғайды.
Ауыр жүгін жүргенде арқалаумен,
Қартайыпта қалғанын аңғармайды.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі