Аналар-ай!

Бұл бетте «Аналар-ай!» атты Шамшабану Хамзақызы жазған ана туралы өлең берілген.

Жымыңдаған жұлдыздар көктің сәні,
Гүл бәйшешек құлпырған шөптің сәні.
Әйел деген анасы адамзаттың,
Шаңырақта лаулаған оттың сәні.

Аналар-ай, аналар, дана халық,
Мүсін болып құйылған санаға алып.
Ана жәйлі айтар сөз таусылмайды,
Бүкіл ақын жазсада қалам алып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері