Есіл бойы

Бұл бетте «Есіл бойы» атты Акбар Рысқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есіл бойы ежелден-ақ,
Көмкерілген саябақ.
Кербез сұлу келбетімен,
Мың бұралып жай ағад.
Толқындары тербетілген,
Астанамды аялап.

Қайырмасы:
Шалқыған Есіл бойы
Бақытым бұл өмірде.
Ән тұнған Есіл бойы,
Жақұтым жыр елімде.
Жүрсем де шалғайда,
Есілім жүрегімде.

Қараөткелдің қолтығына,
Ақққу-қаздар қонғаны-ай.
Ерке Есіл толқынына,
Көз тастайды толған Ай.
Бұл өлкеден өткен емес,
Ақын жырын толғамай.

Қайырмасы.

Астананың ақ шамдары,
Сарыарқада сән құрған.
Жарасымды жастар әні,
Жағалауда жаңғырған.
Ақ орданың асқан бағы,
Жүректерді жандырған.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар