"Бұл Түркістан"

Бұл бетте «"Бұл Түркістан"» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тарихы бар 1 ғасырдан асатын,
Алған мемлекет астанасы атағын.
Әмір Темір бұйрығымен салынған,
Яссауидың кесенесі-ғажабың!

Ұстаздың да, ұстазы бар ғаламда,
Қожа Ахметтің кесенесін саларда,
Бұйрық келді, ұстаз алғаш лайық деп,
Арыстан бабқа арналуы содан да

Даңқы шауып, төске өрлеген батырдың,
Айша бибі аналардың, ақынның,
Жәңгір, Шығай, Есім, Тәуке, Абылай,
Құт мекені болған өзің, жақынсың!

Абай ұлын жібергенде білімге,
Тағы келіп Түркістанға бас ұрдың.
Сенен келіп білім алған көп шырақ,
Жанғаны бар, шамшырақ боп ғасырдың!

Есім ханның кесенесі салынған,
Тәукеден соң билік оған бағынған.
Олар болған саясаттың саңлағы,
Табылмайтын бүгінгінің бағынан.

Бұл Ер Түрік қоныс тапқан құтты жер,
Бабалары өр жүректі, текті жер!
Атқа қонып Алаш деген ұранмен,
Бойға дарып алпауыт күш деп білем!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар