“Ілияс Жансүгіровке арнау”
Бұл бетте «“Ілияс Жансүгіровке арнау”» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақ деген ұлт болу қандай ғажап!
Бір шаңырақ астында ортаймасақ!
Палуан да, ақын да, айтыскер де,
Жалғыз ұлтта табылар, енді ойласақ.
Әдебиетте өшпес бір із қалдырған,
130 жыл өтсе де, ұлт сағынған.
Жансүгіров қазақтың жыр ақыны,
Суреткері, жазғаны сырлы алуан!
Бала кезде болыпты құйма құлақ,
Анасынан айырылған 4жасында-ақ,
Әке алғаш ұстаздық еткен екен,
Уақыт оны есейтті, өмір-сынақ!
Абай, Ілияс атану себепкері,
Ойы оянып, әсері себеп пе еді?!
Сергектік пен сілкініс, жүрегінде,
Жаңалығы, өмірім өлең депті!
Жыр дүлділі көпшілік шығармада,
Ғұмыр кешкен шындығын баян етті.
Қайраткері қоғамның поэзияда,
Прозада өнімді еңбектенді.
Қайталанбас ғажапты жаза білген,
Қазақы поэзияның құлагері!
Поэмасы Күйші деп аталғанмен,
Мағынасы өмірлік күрестері.
Інжу-маржан саналған поэзияның,
Құлагері ақынның төл өнері!
Ақан сері жоқтаған арғымағын,
Неткен ғажап қайғымен суреттеуі!
Азаттықты көксеген арман еткен,
Ұлт-азаттық көтерілісті жалау еткен.
Шығармалар ішінде көлемдісі,
Жолдастар деп аталған роман екен.
Махаббатта салынып көп сынаққа,
Бір рет емес 4 отау құрған екен.
Аманшасы дүние салған кезде,
Жан жарының қазасы ауыр тиген.
Фатимасы ақынның адал жары,
Шақыртуы келгенде қауіп сезген.
Он бір жылда сақтаған бар мұрасы,
Жансүгіров жазбасы болған екен.
Үш бәйтерек атанды, бұл атағын,
Оны сүйген, құрметпен халық берді!
43те атылып, билік берген,
"Халық жауы" атағын алып кетті!
Қалай ғана жүректі қынжылтпайды?!
Шабыт тасып тұрған жан үзілгені.
Сенің рухты өлеңің жетпей жатыр,
Қайта оята алуға бүгінгі елді.
Нақақ сені өлтірді жала жауып,
Талантыңнан себебі қауіптенді.
Ақтап алды, араға уақыт салып,
Бірақ сені құтқару тым кеш еді.
Елің сені бүгінде ұмытпаған,
Сендік өлең жаралы жанның емі!
Сөзге шешен халыққа сын бәйгеде,
Ілиястың жоқтығы білінеді..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі