“Ашаршылық азабы”
Бұл бетте «“Ашаршылық азабы”» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір зұлматтар болған елдің
Берекесін қашырған.
Сол қырғындар жетпей жүрген
Шындық шықпай ғасырдан.
Жиырма сегіз отыз төртте
Ел шырағы көп сөнді.
Үлкен себеп аждаһалап
Орыс келді тосыннан.
Өлім деген бір сәттік боп
Көрінгенде адамға
Аштық деген жылдар бойы
Жанды қинап, аздырған.
Жерлестердің жаназасын
Шығара алмай жатқанда
Қандастар бар дала кезіп,
Бал бөбегін асынған.
Көше гүлмен жайнап емес
Өліктерге толыққан
Жай өлік пе?!
Әлі құрған, солық тән!
Адам етін жеген күнге
Жеткізген де екен ғой.
Ана бала қасіретпен
Азық үшін жаныққан.
Қос баласын аштық жайлап
Кеткен кезде бір ана
Шарасыздық оты лаулап
Тал басына асылған.
Үміті оның, жүрегі оның,
Жігері оның мұқалды!
Өлерінде орамалмен
Көзін жауып олардың..
Бұл шарасыз қасіреттің
Қиындығы қиратқан.
Бір отбасы тыныштығын,
Амандығын солардың!
Ит пен мысық азық болды
Сенесің бе осыған?!
Нан таппаған бүтін елдің,
Көңілдері жасыған.
Жерден тапқан тышқанды жеп,
Одан ауру тасыған.
Есі адасып, санасы өліп,
Тірі адамға атылған.
Алматының көшесінде,
Жатты қанша мың өлік.
Кәрі де бар, бала да бар
Шектеу болмай жасынан.
Тамақ таппай, сүйек мүжіп,
Күн көріпті бір қазақ.
Ең соңында мекен тапты,
Ата-ана бар, сонау мола басынан.
Бұл аштықтың көрсетпеген,
Қиянаты қалмаған.
Дәл орыстай біздерді ешкім,
Мұнша азапқа салмаған!
Өз кезінде дұшпанға деп,
Тізе бүкпей бұл қазақ
Бәлкім пана КСРОмен,
Есептесіп алмаған.
Біздер бүгін шүкір етпей,
Өтіп жатқан күндер көп.
Шын лайықты халықтардың
Бір кездегі сорынан.
Жазып талай бесеу хатты
Ел мұңына арнаған.
33 беттік Рысқұловтың
Арқау етуінде бар ма мән?
Голощекин келе салып
Ойға алған "Кіші қазан"
Ел ішінде орны толмас
Үлкен Қаза боп орнаған!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі