Сен!

Бұл бетте «Сен!» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен әлемді мына өзіңе ғашық ет!
Ғашық ет те,
Жалғыз жанға тағзым ет!
Қыбырлаған көп жаманды қайтесің?
Сен қайдасың,
Олар қайда? Басып өт!
Білсең, тілің майдай жағар жараға!
Оны көрмеу, байқай алмау
ҚАСІРЕТ!

Сен әлемді талантыңмен тәнті де ет!
Тәнті етерсің,
Ал күшіңді тасқын ет!
Ерекшелік кемшілік деп қарайтын,
Қорқақтарға,
Кем-кетікті артық ет!
Жаралмап пед, соңғы демі шыққанша,
Шыңға жетіп шарықтауға,
ӨР ЖҮРЕК!

Сен әлемді кескініңмен асық ет!
Асық ет те,
Әлсіз әрі жасық ет!
Оларға да ұлы арманды бір көрсет!
Онсыз жүрер
Байлық тілеп, жар тілеп.
Боркеміктер қолдауыңда көгерсін!
Жұрт айыптап жүрген болар
Жалшы деп.

Сен байқаған құбылыс та басқаша
Желді-тымық
Сен теңізсің, қалқып өт
Бүтін болмыс екеніңді бір ұқтыр
Жала жабар
Бірде жоқ деп, жарты деп.
Артқа қарап аялдама, ақ сәулем
Жалынса да, жыласа да
Қалшы деп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар