Ақмарал

Бұл бетте «Ақмарал» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Еділдің лебі жеткенде,
Жібек жел беттен өпкенде, Ақмарал.
Беймаза жүрек секілді,
Толқыды Қиғаш көктемде, Ақмарал.

Қайырмасы:
Қиғашты жағалап,
Сырластық беймарал.
Тіл қаттың: «Ағалап!»,
Кеденнен көрген Ақмарал!

Бөгелдің сонда кете алмай,
Қиғаштан әрі өте алмай, Ақмарал.
Жүреді кейде адамдар,
Жететін жерге жете алмай, Ақмарал.

Қайырмасы.

Өңім бе, әлде, түсім бе?
Бір тәтті сезім ішімде, Ақмарал.
Аңсатып қойған сол күнді,
Көремін дәйім түсімде, Ақмарал.

Қ а й ы р м а


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері