Даниярдың әні
Бұл бетте «Даниярдың әні» атты Илья Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесі бойынша жазылған. 1963 жылғы, 10 қазан)
Ай жарық, тып-тыныш атырап,
Жүректер тағы да қауышты.
Жанарың жұлдыздай жарқырап,
Толқытты сабырды тауысты.
Қайырмасы:
Бар әнім сен, Жәмила,
Арманым сен, Жәмила,
Асыл затым,
Перизатым,
Жан рахатым!
Тамыздың бұл түні маужырап,
Біздерді жеткізді арманға.
Толқыма, қарай бер, жаудырап,
Риза боп тағдырға, жалғанға.
Қайырмасы:
Бар әнім сен, Жәмила,
Арманым сен, Жәмила,
Асыл затым,
Перизатым,
Жан рахатым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі