Әсел

Бұл бетте «Әсел» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шырайлым менің» повесі бойынша жазылған. 1965 жыл, қараша айы)

Самалы жұпар жазғы бір кеште,
Ойласам болды Ыстықкөл жақты.
Айтылған сырлар түседі еске,
Оятқан сонда ақ махаббатты.

Қайырмасы:
Тулайды жүрек,
Толқындай шалқып.
Аңсайды жүрек,
Өзіңе тартып,
Сағынтқан әнім,
Әселім, жаным!

Тағдырмен қатал ойнатқан сонда,
Қайдасың менің армансыз күнім?!
Бақ құсы едің, қонбадың қолға,
Қапыда қалдым, зар толып үнім.

Қайырмасы.

Алыссың, жатсың, білемін сәулем,
Тағдырға нала не керек айтып.
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен,
Әселім, бізге келер ме, қайтып?!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері