Бозқараған
Бұл бетте «Бозқараған» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жағасы Қарасудың бозқараған,
Бұтағын бозқараған қозғамаған.
Ішінде бозқараған бойжеткенге,
Бозарып бозбалалар көз қадаған.
А-ау, Қарасу, Қарасу,
Бозқараған жағасы,
Беу, бозқараған жағасы!
Тойларын бойжеткендер жасарында,
Жанатын бозқараған ошағында.
Тұратын желік беріп жеңгелерге,
Біреумен жер түбіне қашарында.
Қ а й ы р м а с ы.
Жағасы Қарасудың бозқараған,
Бұтағын бозқараған қозғамаған.
Қайда әлгі бойжеткенің көз қадаған,
Соңында қайда жеңгең сөз бораған.
Қ а й ы р м а с ы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі