Жаңаарқа самалы
Бұл бетте «Жаңаарқа самалы» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толықсып толқиды,
Жағасы жасыл ну.
Алтын ай қалқиды,
Төсінде Сарысу.
Көктегі жұлдыз да жымыңдап қарады,
Жанымды желпиді Жаңаарқа самалы.
Көз салсам әріге,
Оралмас бал дәурен.
Өтіпті бәрі де,
Есімде, жан сәулем.
Баяғы Сарысу алысқа ағады,
Менің де қиялым шарықтап барады.
Келер ме, сол күндер,
Көктемін жайнатып?
Келер ме, сол түндер,
Бұлбұлын сайратып?!
Желпісе аялап, Жаңаарқа самалы,
Тербейді әлі де қалқаның жанары.
Ең соңғы қайырма үшін:
Беу, шіркін, Жаңаарқа жазира жайнаған,
Айтшы сен, дәл мендей сүйеді қай балаң!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі