Толағай

Бұл бетте «Толағай» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мамырдың желпігенде жұпар лебі,
Қиқулап келді тағы құстар легі,
Дүние шіркін жайнады еркем!
Толқытып Толағайдың мақпал түні,
Арманның кеткендей бір болмай шегі,
Беймаза көңіл сайрады еркем!

А-хоу, асыл еркем,
Асыл еркем,
Толғанып салған әнім жетер ме екен?!

Жайлауы Толағайдың қоңыр салқын,
Тербеген түні қысқа, таңы жақын,
Ғашықтар сыры шертілді еркем !
Өзге емес, өзіме де қимайтындай,
Жарқылдап жүретұғын ашық-жарқын,
Көрсем бір, шіркін, көркінді еркем!

Қайырмасы:

Жылқым көп Толағайдың етегінде,
Ақбоз ат өзің көрген жетегімде,
Сен жоқсың әлі, сағындым еркем!
Мұратқа жеткізгендей шаттандырып,
Қол қысып қалып едің кетерімде,
Сертіңе сол бір бағындым еркем!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері