Сырымбет

Бұл бетте «Сырымбет» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққудай әнім жетсе көктей өрлеп,
Беймезгіл жүрегіңді жүрсін тербеп, еркем-ай.
Аңсаумен Сырымбеттің айлы кешін,
Бұл күнде көңіл алаң, ұйқы сергек, еркем-ай.

Дариға-ай, ғашық қылған,
Ғашық қып асықтырған,
Думандатқан ел бар ма екен,
Шалқып жатқан жер бар ма екен,
Беу, Сырымбеттей!

Аңсарым ауған шақта Сырымбетке,
Амалсыз көп бөгелдім, айып етпе, еркем-ай.
Қамықпа, жүздесерміз тағдыр жазса,
Ай, Жұлдыз жымыңдасып, нұрлы көкте, еркем-ай.

Қ а й ы р м а с ы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері