Арқаның аруы

Бұл бетте «Арқаның аруы» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңаарқаның желпи ескен жұпар лепті самалы,
Көз алдымда жан қалқаның мөлдіреген жанары.
Арқаның айлы түнінде,
Ақтарып едік арманды.
«Ағажан» деген үніңде,
Бір үміт жанып қалған-ды.
Мақпал түнде жұлдыз санап, сыр ақтарып жүргенде,
Бақытқа бір мәз болып ем жайраң қағып күлгенде.
Арқаның айлы түнінде,
Ақтарып едік арманды.
«Ағажан» деген үніңде,
Бір үміт жанып қалған-ды.
Алдап, арбап, құбылса да ерке қыздың жүрегі,
Сол бір күндер түс секілді тербейді де жүреді.
Өзі де раушан гүл еді,
Жігітке асыл армандай.
Лүпілдеп соққан жүрегі,
Өрт болып, лаулап жанғандай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері