Өтежан Нұрғалиевқа
Бұл бетте «Өтежан Нұрғалиевқа» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дей алмаймыз: ойларың бұрыс-ағат,
болды соғыс біздерге – ірі сабақ!
Сау адам жоқ, әйтсе де, кітабында:
бірі – соқыр,
бірі – ақсақ,
бірі – шолақ...
Шалбарының көрмеген қыры түсіп,
бірі – надан...
бірі – қу,
бірі – пысық...
Барғанның да соғысқа,
бармағанның:
бірі – сақау,
бірі – «қырт»,
бірі – пұшық...
Ауыр алма осынау сөзімді, аға,
көңіліңді серпілтсін сезім жаға.
Ауылыңда болыпты бір сау адам,
оның өзі, әрине – өзің ғана…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі