Жұматай Жақыпбаевқа
Бұл бетте «Жұматай Жақыпбаевқа» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жарық көрсе «Саратан»
жұртты аузыма қаратам.
«Лəйлə» жайлы содан соң
лириканы боратам...
«Меніменен дауласпа!» –
деген еді əу баста...
Құптағанбыз біз дағы,
«Саулық» тілеп сау басқа.
Көп кездесіп «танысы»
мандымай жүр əлі ісі...
Кəрілердің – жасы да,
жастардың – ең «кəрісі».
Үш жинағы қолында,
талапкерлер соңында.
Сирек қалам сілтесе,
себебі бар оның да...
Өзін ұзақ баптайды,
салдарша сөз саптайды.
Бір ай жазған өлеңін
Бір жыл насихаттайды…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі