Серік Тұрғынбековке

Бұл бетте «Серік Тұрғынбековке» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзін кейде ұстайды
елестетіп Мұстайды.
Басын қайдам, əйтеуір,
шашы сондай ұқсайды...
Серік оның аты екен,
демейді бұл қате екен.
Кей уақытта – аумаған
өзіміздің Ғафекең...
Кеңес берген кіл оған,
кей уақытта Сырағаң...
Мінез – мінез бола ма,
одан – бұдан құраған?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері