Сағат Әшімбаевқа
Бұл бетте «Сағат Әшімбаевқа» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Белинскийден бастайды,
Жирмунскиймен жасқайды.
Алдыңды орап Абаймен,
апарып біраз тастайды.
Жуковскиймен састырып,
жүзіңді әбден пәс қылып,
Пушкинмен періп өтеді,
Толстойменен басқа ұрып.
Көрсетпес шағын төбені,
шыңдар да неткен көп еді...
Тартады сосын көлденең
Кафка мен Кобо Абэні...
Танымал талай дананы
тізімге солай алады...
Қаламдастарға келгенде,
қаламы жүрмей қалады…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі