Тұтқын
Бұл бетте «Тұтқын» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенше мұңайып, сенше күлемін,
Сүймейтін едім көнсе жүрегім.
Қажытса-дағы бұл өмір жиі,
Аласармашы, еңселім менің!
Сезімде кімдер өлшем жоқ деген,
Сағыныш сонда өлшенбек немен?
Əлемге сенен төгілген нұрды,
Көрсем деп келем, көрсем деп келем.
Күлімдегенде көп болып құрбым,
Жабыққан шақта текке өліп жырым.
Жетем десем де жеткізбей жүрген,
Жолдарды сонша жек көріп жүрмін.
Күнге қалаңды көрсетіп едім,
Биік бол, өр бол менше… тілегім.
Кеудеңе сен де тұтқынсың білем,
Сүймейтін едің көнсе жүрегің!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі