Ізгі ойым
Бұл бетте «Ізгі ойым» атты Аманжол Мақажанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ілтипаты жоқ пенделер,
Ілік іздеумен күні өтер.
Іріткі іздеп ізіңнен
Ібіліс оймен күнелтер.
Ізеті жалған, жылмыңдап,
Іңірде қалсаң, ісінер.
Іреңі бүтін болғанмен
Ішкі ойы түтін кісілер.
Ілгері жүрсең, қызғана,
Ілік табуға асығар
Іргеңде ісі өсекпен
Іс бітіргендей тасынар.
Ілтипаты жоқ адамның,
Ісінен жалған не қайыр?
Іргесі бүтін ой барда
Ібіліс ойлар не тәйір?!.
Ірігендермен іргелес,
Із қуып кетер мен емес.
Ісі мен кеміс пейілі
Ілтипатыма тең емес.
Ізгілік жолы тұрғанда
Ібіліс жолы тек елес...
30.03.2022
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі