Өмір толқыны
Бұл бетте «Өмір толқыны» атты Аманжол Мақажанов жазған өмір туралы өлең берілген.
Толығып өмір парағы,
Күндерім жылжып барады.
Бір бақыт кетсе, келмеске
Бір бақыт есік қағады.
Жыр толы өмір шанағы,
Бақытын сыйлап шамалы.
Қуаныш сыйған сәттері
Мұңын да кейде шағады.
Бұл өмір бірақ бағалы,
Мың түрлі, маңғаз жағалы.
Бір үміт оты өшкенмен
Мың үміт отын жағады.
Біреулер бағын табады,
Ал, бірін мұңға қамады
Таласар кезек бақ пен мұң
Сонымен өмір бағалы.
Сәттілік сәті бір туар
Күтсеңіз болды шамалы...
27.03.2023
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі