Қазақстан

Бұл бетте «Қазақстан» атты Бекемкүл Батырбекқызы жазған отан туралы өлең берілген.

1. Қазақстан – ежелден ел еді жері бай,
Халқымыз аққөңіл, мейірбан, қонақжай,
Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел,
Мекені кең дала, асқар тау, шалқар көл.

Қайырмасы:
Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,
Жасай бер, жаңарып, жаңғырып.
Достық пен ынтымақ мекені,
Гүлденер халқымның ертеңі.
Жасай бер, жері бай,
Егемен елім-ай!
Жасай бер, жері бай,
Тәуелсіз елім-ай!

2. Ғасырдан ғасырға ұласар даңқымыз,
Бармақтан күй тамған, жезтаңдай әншіміз.
Әлемге әйгілеп елімнің есімін,
Айқара аштық біз азаттық есігін.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері