Жаңа жыл
Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Бекемкүл Батырбекқызы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Сәнденген шыршамыз,
Қоршаймыз баршамыз.
Самсаған ойыншық,
Көз кырын салсаңыз.
Қоянбыз, түлкіміз,
Сыңғырлап күлкіміз,
Аюдан, қасқырдан,
Қорықпай біз жүрміз.
Алақай, жаңа жыл,
Балақай, Жаңа жыл.
Қуаныш әлдилеп,
Құлпырды көңіл гүл.
Сый толы дорбада,
Атамыз ортада.
Өнерлі балаға,
Қалдырар қолтаңба.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі