Өмір, өмір

Бұл бетте «Өмір, өмір» атты Әділбек Тауасаров жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір, өмір арманшыл алаулы күндерім,
Өмір, өмір қиялшыл, жұлдызды түндерім,
Өмір, өмір арайлап ататын ақ таңдар,
Өмір, өмір махаббат белгісі гүлдерім.

Қайырмасы:
Арман! Тірлігімнің күні.
Арман! Жүрегімнің үні,
Арман, арман!
Өмірімнің гүлі.

Өмір, өмір жазбаған жалаулы жырларым,
Өмір, өмір ашпаған құрбыма сырларым,
Өмір, өмір қырандар мен самғар биіктер,
Өмір, өмір шөлдерде жайқалған гүл-бағым.

Қайырмасы.

Өмір, өмір тулаған тіршілік қанысың,
Өмір, өмір жүрекке от берген жалынсың,
Өмір, өмір жан құрбым сыйлаған махаббат,
Өмір, өмір мәңгілік іздеген шағымсың.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер