Ақын боп кеткім келеді

Бұл бетте «Ақын боп кеткім келеді» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған поэзия туралы өлең берілген.

Қалаға қыста атам кеп,
Айтады бізге ертегі.
Біржан сал, Абай, Махамбет
Жайында сырлар шертеді.

Ғажап қой сырлы сөйлеген
Қазақтың қара өлеңі.
Атамды тыңдап кейде мен,
Ақын боп кеткім келеді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері