Тезірек ер жетсем екен!
Бұл бетте «Тезірек ер жетсем екен!» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ел деп еңбек етсе көкем,
Қуанамыз бар бала.
Тезірек ер жетсем екен,
Қарардай жұрт таң қала.
Елде тудым мен де ордалы,
Ойнағанша қуыспақ,
Қандай жақсы ел қорғаны
Болған қолға ту ұстап?!
«Күрсінбесін қариялар,
Жыламасын бір бала,
Тартылмасын дариялар,
Гүлге орансын қыр, дала», –
деп соғады ерке жүрек,
Армандайды ол-дағы.
Өссем екен мен тезірек,
Болар ем ел қорғаны!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі