Шарласам ғой әлемді

Бұл бетте «Шарласам ғой әлемді» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірде жаяу, ал енді,
Бірде кезіп көлікпен,
Шарласам ғой әлемді,
Саяхатшы болып мен.

Көрер едім көп елді,
Кей мекенде аялдап.
Әр сапарым не берді –
Жазар едім баяндап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері