Алматым – ғашық әнімсің
Бұл бетте «Алматым – ғашық әнімсің» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Аралап жердің жүзін шарласам да,
Алматым жүрегімде әрқашанда.
Арылмас Алатаудан ән қашанда,
Аспанның жұлдызына самғасам да.
Қайырмасы:
Алматым – ғашық әнімсің,
Сәнімсің, менің бағымсың!
2. Алматым, Алатауым – ғашық әнім,
Аймалап екеуіңді бас ұрамын.
Аяқтап ән сапарын оралғанша,
Жетсем деп өздеріңе асығамын.
Қайырмасы.
3. Алма бақ, асау өзен, қарлы шыңдар,
Аман-сау барлығың да – бармысыңдар?
Ұшырған өздеріңе ән-құсым бар,
Арналған өмірім бар, алғысым бар!
Қайырмасы.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі