Су жағасында
Бұл бетте «Су жағасында» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сарғая күтіп көктемді
Сап–сары боп су ақты...
Шынтаққа алып сексенді,
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп-мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір...
Сылқ-сылқ етіп су күлді,-
Шал бір ауыр күрсінді.
1946
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі