Балбөбек
Бұл бетте «Балбөбек» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ай, балбөбек, балбөбек, балдайсың,
Атқаң жазғы арайлы таңдайсың.
Күлгеніңде көктемгі күндейсің,
Күн нұрымен құлпырып гүлдейсің.
Бақыттысың, балбөбегім,
Тұр алдыңда бар керегің.
Тез ер жетші, балбөбек.
Оқып білім ал, бөбек!
Ай, балбөбек, балбөбек, балдырған,
Келер күндер шығады алдыңнан.
Елге тұлға ұлан бол, балақан,
Биік ұшар қыран бол, балапан!
Бақыттысың, балбөбегім,
Тұр алдыңда бар керегің.
Тез ер жетші, балбөбек,
Оқып білім ал, бөбек!
27 август,1949
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі