Балалық шақ туралы
Бұл бетте «Балалық шақ туралы» атты Қасым Аманжолов жазған бала туралы өлең берілген.
Түседі еске жалаң аяқ күндерім,
Ақ сүйекті ала қашқан түндерім,
Сол қашқаннан мол қашыпты балалық,
Қайдант екенін көптен бері-ақ білмедім,
Қуар едім осы күні етікшең,
Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең.
Мен мұндамын сен қайдасың білмеймін,
Жеңіл аяқты жетіп болып кеттің сен.
Өткен екен талай жылдар, талай күн,
Өмір жолын, өлең жолын санаймын.
Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,
Есік жаққа қайта-қайта қараймын.
1945-1950
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі