Тыңдаңыздар
Бұл бетте «Тыңдаңыздар» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тыңдаңыздар,
Артқы іні, алғы аға,
Жеңгейлерден, жырым, бүгін ал баға.
Арналады жүрегімнің бұл күйі,
Мұқанова Сәбитовна Жаннаға.
Кіп-кішкене балапаны Сәкеннің,
Шақырыпсың тойына сен әкеңнің,
Түсінемін бақытыңды, қарағым,
Қолда барым – осы өлеңді әкелдім.
Сәкен, Мәкен арасында өскен гүл,
Саған лебін тигізссін де дос көңіл.
Жайқалып өс, жақсы әкенің ұрпағы,
Сақтап, жаттап, жыр қуатын өс те біл.
Бұл ағаңның аз сыйлығын мол сана,
Мол сыйлықтар үйлеріңе толса да.
Келші, достар, алшы тосты ішелік,
Жанна алдында ұяттырақ болса да.
28 май, 1950
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі