Ұлы күтіс
Бұл бетте «Ұлы күтіс» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күтудеміз! Асығып эшелондай:
Өтіп жатыр зулап күн, шұбалып ай.
Күтудеміз тықыршып, мың құбылып,
Қазір, қазір бар тілек болатындай.
Тұтылған күн дәл қазір шығатындай,
Талып жатқан досың ес жиятындай.
Ауыр азап үстінде қиналған жан
Рахат тауып ,талықсып тынатындай.
Күтудеміз тұрсақ та әзілдесіп,
Арпалысып жүрсек те қан‑ сел кешіп.
Күтідеміз сонау сұр окоптарда,
Өліп бара жатсаң да талып өшіп.
Мейлі күтіп, шыдамай темір сынсын,
Мейлі көлдер суалсын, тас үгілсін.
Қасарысып біз күттік! Шыда, жүрек,
Бұл ақырғы, ең ауыр болсын бір сын.
Жараланған жауыздық қашты аң боп,
Атылса екен тезірек ең соңғы оқ.
Әділ сағат, сын сағат сенсің жүрек,
Сезіп – біліп тұрсың ғой, қаттырақ соқ!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі