Достар, қайда жүрсіңдер?
Бұл бетте «Достар, қайда жүрсіңдер?» атты Қасым Аманжолов жазған достық туралы өлең берілген.
Достар, қайда жүрсіндер, қай майданда?
Мен де келе жатырмын малтып қанға.
Ең болмаса біреуің кездессең ед,
Ыстық, суық күндерде сағынғанда.
Күндер өтті, үңілдім сендерді іздеп,
Айлар өтті: «Көрмедік, білмейміз» деп,
Жылдар өтті, таппадым, қайдасыңдар?
Мені қуантсаңдаршы, - бірің кез кеп?
1945
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі