Сен едің мені айырған
Бұл бетте «Сен едің мені айырған» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен едің мені айырған достарымнан,
Долы жау, дүниеге салған ылаң!
Бөбегін махаббаттың жалынға атып,
Кеудеме қан аралас мұз қатырған,
Орыстың ойран салып орманында,
Қазақты қуғандай ең даласынан...
Дариға, бізге де бір тиді кезек!
Сені өртеп жатыр міне ызалы кек,
Енді ме есің жаңа есер дұшпан,
Етесін енді неге безек-безек?...
Алайық ту сыртынан сығып жанын,
Қайта бас көтермесін өлікті жеп!
1945
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі