Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Қасым Аманжолов жазған туған жер туралы өлең берілген.
Шықшы тауға қарашы кең далаңа:
Мәз боласын ұқсайсын жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға - алтыне бесік туған жер,
Қадірінді келсем білмей кеше гөр!
Жата алмас ем топырағында тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-
Арманым жоқ бұл дүниеде ,-дер едім;
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;
Қызыгыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен –төрінде рахаттың,
Алын діңгек - өзім туған босағам!
1946
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі