Алтын айна алдында

Бұл бетте «Алтын айна алдында» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алтын айна алдында
Қараймын да құлпырам.
Ғажайып нұр бар мұнда,
Жүрегіммен ынтығам.
Алтын айна қолымда,
Отырмын мен күн ұстап.
Ұзақ өмір жолында
Рахат тауып, тыныстап.
Алтын айна – алтын ай,
Алақанда ойнаған.
Айнадағы шұғыладай
Қоншы келіп ой маған.
Қасиетті айнада
Ойнайды өмір шарқ ұрып.
Игі іске майданға
Ту көтеріп шақырып.
Керуен тартып өткен шақ,
Қызық көрем, жай табам,
Шұғыла шашып болашақ,
Қарайды осы айнадан.
Алтын айна бетінен
Көрем еңбек күресін.
Қуанамын бар екен
Өзімнің де үлесім.

1947


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері