Дауылпаз
Бұл бетте «Дауылпаз» атты Шахан Мусин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Долданып шынжыр үзіп, кісен ашқан.
Патшаның тас түрмесін бұзып қашқан.
Өзіңдей, паң күйлерің әлі тірі,
Кешегі көк теңізден көбік шашқан.
Сұрапыл, төгілсе де нөсер жауын,
Жағырып, жаңаланып талмаурау үн.
Шер тербеп, шекпен менен күпі астынан
Жыр етіп жетім менен жесір дауын,
Айырылып айдалада жер мен судан,
Қалғанда қаңтарылып қалың қауым,
Алып ең сарыныңмен арашалап
Еліңнің Сары Арқа мен Алатауын.
Кемеңгер, күй атасы – Құрманғазы,
Күй іздеп күңіреніп қысы-жазы
Боратып астан-кестен алабұртқан
Қазақтың сендағы бір дауылпазы.
1 январь 1957 жыл
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі