Майлықара

Бұл бетте «Майлықара» атты Шахан Мусин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Меккесі той-думанның Майлықара,
Шалқыған шыңыңды өртеп қайғы-жара.
Тал түсте тірі жанды селт еткізбей,
Қалыпсың құба жонда жеке-дара.

Бір жан жоқ жан-жағында өзің ғана,
Шын күліп, шырқай алмай қыз-бозбала.
Жалғыз-ақ жасын сүртіп жартасыңа
Зар жылап басыңда отыр байғыз ғана.

Кешегі құлпырған сән, нұрың қайда?
Бүгінгі ай ұқсамайды бұрынғы айға.
Құдайдан қызығыңды қызғанушы ем,
Торғайша жем болыпсың тұрымтайға.

Қамықпа, Майлықара, қабағынды аш.
Қаңғырған қорек іздеп аш-жалаңаш
Ұл-қызың сүйретіліп Сібір кетсе,
Асырар, бөтенсің деп аластамас.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері