Арал

Бұл бетте «Арал» атты Зейнолла Шүкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кіндігім бірге Аралмен,
Теңізден тыныс алам мен.
Ақпейіл ана секілді
Алдымда жатыр далам кең.

Сырласып жібек самалмен,
Желпінсе жүрек жаңа әнмен.
Теңізше жаным кең шалқып,
Теңізше толқып қалам мен.

Тартыппын, теңіз, саған мен,
Дауылың берсе маған дем,
Өзімнің жұмсақ көңілімдей,
Көк бүліш кілем жағаң кең.

Аспаның қандай, Арал, кең!
Күрсініп неге алам дем,
Бір нашар туған балаң ба ем?
Қияда биік сол мұрат,
Өзіңнен алып зор қуат,
Бір жұлдыз болып жанам мен,
Бір жұлдыз болып қалам мен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері