Ақ сәуле

Бұл бетте «Ақ сәуле» атты Зейнолла Шүкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ сәуле, таңданба,
Кей жігіт кездесіп қалғанда,
Қараса үзіліп арманда,
Таң қалма,
Бір жан жоқ өзіңдей жалғанда.
Ақ жүзің жарқырап жанғанда,
Аһ ұрып қарамас жан бар ма?
Ең нұрлы таңың да
Ең жақын жарың да,
Алдыңда, алдыңда
Алданып жүрме арзан жандарға.

Ақ сәуле алданба,
Кей жігіт кездесіп қалғанда,
Қарасы үзіліп арманда,
Алданба,
Бір жан жоқ өзіңдей бар маңда,
Кім шыдар күйгенде, жанғанда,
Кім шыдар көз ілмей таңдарға.
Ең жақын жаның да
ең жақын жаның да
Алдыңда,алдыңда
Жақсылық іздейік жалғанда!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері