Соғыстан қайтқан солдаттар
Бұл бетте «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе үлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!
Не деген аянышты.Казыргы адамдар мен бурынгы адамдарды мулдем салыстыруга келмейды.Аянышты окынышты
Маган С.Мауленов олендери унайд оте кушти андетип айтып жкрем кейбиреулерин
Маган осы олены согыстан кайткан салдаттар деген оте суйып тындайм биыл Орал каласы Самал бардтында осы оленды айтам.
БОЛДЫ
мына өлең қате
Керемет екен
Өте жақсы жазылған жеткізіп
Мен үш балайды жақсын көрем
керемет біз мантажға осы өленді қоямыз
Өлең өте керемет
Салем,мен Анастасия.Мен казак тилин утренним келеди сол ужин мен казак олендерин жаттаймын был олендер Маган те Уганды Асиресе осы монастыре кайткан солдаттар олени.Казак тилин суйейик жане уйренейик
Керемет
Өте керемет өлең..Тыңдасаң құлағыңның құмарын қандырар, сүйсіндірер өлең..❤
Өте керемет өлең,Ұлы Отан соғысының елімізге қаншама қасірет әкелген туралы кейін жас ұрпақ осындай мазмұнды,мағыналы әндер арқылы өте жақсы ұғынары хақ.
Мән-мазмұны мықты өлең,кейінге ұрпаққа тағлымы мол өлең.
Мәссаған. Мен өлең сайысына осы өлеңді айтқым келеді.
Сырбай Мәуленовтың өлеңдері өте керемет!
,күшті
Олег зор екен
Осы өлеңді бірінші рет тындағанда жүрегім жылап жаным ашып кетті осы Отанды қорғап тұрған солтантарды 😭😭😭
Өте киынго
Жпқс
Осы өлеңді тындағанда жылап қалдым