Ана сағынышы

Бұл бетте «Ана сағынышы» атты Есет Әукебаев жазған ана туралы өлең берілген.

Көзінің ағы менен қарасының,
Үңіліп суретіне баласының.
Дейді ана:
– Ержетіпті жігіт болып,
Түріңнен айналайын, қарашығым!
Әрқашан ерлік орнын табады ғой.
Қуантқан мынау мені медалі ғой.
Мынау оның мундирі, погоны ғой… –
Бәрі де сағынышты салады ой.
Сары алтын, сары қанат күз келгенде,
Қуатым үйге қайтып қалады ғой.
Келген соң совхоз малын бағып тағы,
Аршындар еңбек етіп жанып бағы,
Қарғамның қайда жүрсе тебіреніп
Ұдайы ойлайтыны халық қамы…

22 февраль 1957 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер